bannerbannerbanner
logo
Войти

Книги автора: Кеңес Оразбекұлы

Ер, Би, Нар — бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «са…
Ер, Би, Нар — бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк — Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан — Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.
Добавлено
Год выхода: 2020
Язык: Русский
Қайран, шіркін, балалық, (Келер ме еді оралып). Тал бойыңа сіңіпті, Ана сүтпен таралып: Риясыз аңғал…
Қайран, шіркін, балалық, (Келер ме еді оралып). Тал бойыңа сіңіпті, Ана сүтпен таралып: Риясыз аңғалдық, Кіршіксіз адалдық, Күлкі қыстар шалалық, Білім құштар даналық. Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.
Добавлено
Год выхода: 2020
Язык: Русский
«Қанатты сөз — қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-д…
«Қанатты сөз — қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.
Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт — үшеуі ертеден келе ж…
Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт — үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.
Добавлено
Год выхода: 2020
Язык: Русский
«Қанатты сөз — қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздерді…
«Қанатты сөз — қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.
1
Популярные книги